Новонежинде жаңа аурухана ашылды

Амбулаторияның ашылу салтанатына халық көп жиналды. Олар емдеу орнының ішін аралап, ауланың жып-жинақы қоршалғанына ризашылығын білдірді.
SAM_9295
Айта кету керек, аула іші қысқа мерзімде көгалдандырылған. Салтанатты жиында сөз сөйлеген аудан әкімі Амантай Балғарин ауылдықтарға мемлекет тарапынан жасалатын қамқорлық аясы кеңейіп келе жатқанына тоқталды. Үш мыңнан астам тұрғыны бар Новонежин округі үшін салынған дәрігерлік амбулатория соның белгісі. Шаруа қожалығының жетекшісі Эдуард Шуллер бүгінгі оқиғаны халық көптен бері күткеніне тоқталды. Эдуард Филиппович округ шаруашылықтары атынан амбулатория ұжымына теледидар сыйлады.
 
Ермекбай ХАСЕНОВ
СУРЕТТЕ: амбулаторияның ашылу салтанаты.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓