Қылмыс орнынан із суытқан күдікті ұсталды

Лисаков қаласының Ленин көшесі бойындағы жаяу жүргіншілер жолағының бірінде 66 жастағы кейуананы қағып кеткен BMW көлігінің жүргізушісі осы уақытқа дейін іздестіріліп келген еді. Тәртіп сақшылары жүргізген жедел іздестіру шаралары барысында 27 жастағы Тобыл станциясының тұрғыны құрықталды.ДТП
Айта кетейік, бұл жол-көлік оқиғасы 14-тамызда тіркелген болатын. Жүргізуші апат орнынан қашып кеткен. Ал зейнеткер ауыр жарақатпен қалалық ауруханаға жеткізіліпті.
Жауапкершіліктен жалтарған көлік иесі екі аптадан соң қолға түсіп, үстінен қылмыстық іс қозғалды.  
 
Жандос Жүсіпбек

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓