Қостанайлық кәсіпкерлер Миландағы EXPO-2015 көрмесіне қатысуы мүмкін

Еліміздің Ішкі сауда-саттық палатасы қостанайлық кәсіпкерлерге Қытай, Ресей және Итадияда өтетін халықаралық форумға қатысуды ұсынып отыр. Жергілікті кәсіпке коммерциялық әріптестер тауып, Қазақстанға қосымша инвестиция әкеледі деп сенеді Палата ұжымы. 
expo_milanoҚазан айының 15 жұлдызынан, қарашаның 4-не дейін Гуанчжоу қаласында 118-ші Кантон жәрмеңкесі өткізіледі. Аталмыш іс-шара Қытайдағы ең танымал және  көнеден келе жатқан жәрмеңке. 1957 жылдан бастап жылына екі мәрте өткізіліп келеді. Көрме үш түрлі өнімдерге бағытталады: біріншісі  — жарық беру мен электронды заттар, екіншісі — керек-жарақ құралдар, үшіншісі — тоқыма және медициналық тауарлар. Ішкі сауда-саттық палатасы қазақстандық кәсіпкерлерді ВИЗАмен қамтамасыз етіп, 5 жыл бойы жәрмеңкеге тегін қатысу мүмкіндігін сыйламақ. Арыз қабылдау 14 қыркүйекке дейін жалғасады. Сонымен қатар, палата іскерлік миссия да ұйымдастырып отыр. Ол қазанның 5 мен 9 аралығы Италияда өтеді. Миссияның мақсаты — инвестиция мен жаңа технологияларды Қазақстанға әкелу. Италия кәсіпкерлерімен тығыз байланыс орнату. Жоспар тізімінде қазақ-италян бизнес-форумын арттырып, Business to Business форматында әр түрлі өндіріс кәсіпкерлерінің кездесуін ұйымдастыру. Сондай-ақ, «EXPO Milano 2015» көрмесін аралау бағы бұйырмақ. Бұл туралы мәліметті Қостанай облысының кәсіпкерлер Палатасының аймақтық және халықаралық әріптестік бөлімінің бастығы Роберт Юсупов хабарлады.
 
 
Кенже ҚОНЫСБАЙ

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓