Дін өкілдері қайырымдылық көрсетті

Елімізде 1 тамыздан бастау алған дәстүрлі “мектепке жол” акциясы біздің Тобыл өңірінде де жалғасуда. Акцияның басты мақсаты —  жетім балаларға, ата-ана қамқорынсыз қалғандар мен күн көрісі төмен отбасылар балаларына әлеуметтік тұрғыдан қамқорлық көсету болып табылады. Осының арқасында балалар жаңа оқу жылына даярлықпен барады. IMG_9180Облыстық Марал ишан мештінің ұжымы да бұл акциядан қалыс қалған емес. Осы жолы да мешіт ұжымы 60 балаға қайырымдылық танытып, оқушыларға арналған мектеп сөмкесі мен оқу құралдарын табыс етті. Сондай-ақ, тегін киім-кешектер мен тәтті сусындар да таратты. Қайырымдылық шарасында сөз алған облыстық Марал ишан атындағы мешіттің өкіл имамы Асылхан қажы Түсіпбек осынау игілікті шараның маңыздылығына тоқталып, оның төл дінімізде де сауапты амал екендігін айтып өтті. 
IMG_9194
IMG_9198-Жаңа оқу жылына да санаулы күн қалды. Осыған орай, Марал ишан мешітінің, Қажылар қауымдастығы мен “Зекет” қоғамдық қоры атынан біз де әлеуметтік аз қамтылған отбасылардың балаларына аз да болса жәрдемімізді тигізсек деп едік. Өздеріңіз жақсы білесіздер, мешіт сауда орны емес, үлкен кәсіппен де айналыспайды. Сондықтан, бүгінгі игі шараға жалғыз біз ғана емес, қаламыздағы қалталы азаматтардың да  жәрдемін тигізгендігін, солардың қайырымдылық жасауының арқасында қажетті қаражатты топтастырып, балаларға осындай сыйлықтарды тарту етіп жатырмыз, — дейді бас имам А.Түсіпбек.
IMG_9185Иә, жас шағында мейірім көрген баланың есейгенде де айналасына қамқор көзбен қарап, мейірімді болып өсері сөзсіз. Дін өкілдері көрсетіп жатқан бұл игі іс те аз қамтылған отбасы балалары үшін үлкен көмек, елеулі демеушілік екендігі белгілі. IMG_9232-Менің үш балам бар. Бәрі де ер жеткен, қалада пәтер жалдап тұрады. Өзім КСК шағын ауданындағы бейімдеу орталығында тұрамын. Қолымда қайтыс болған қызымның кәмелеттік жасқа толмаған үш баласы бар, оларды өзімнің қамқорлығыма алған болатынмын. Немерелерімнің әкелері де бақилық болған. Әйтеуір, осы балаларды жеткізу жолында тырбанып өмір сүріп жатырмын ғой. Шынын айтайын, “Мектепке жол” акциясы бойынша бұған дейін бірде-бір көмек көрген емеспін. Сондықтан, бізді елеп, жәрдемдерін тигізіп жатқан дін өкілдеріне айтар алғысымыз шексіз, — дейді патронат әже Гулия Оспанова. 

IMG_9200

 
Қарлығаш ОСПАНОВА
Суреттерді түсірген Айбек ЖҮЗБАЙ

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓