Бағаның өсуі бизнес үшін қолайлы

Сайран Бұқанов, «Қарқын» ЖШС-ның директоры Қазақстанның Еңбек Ері:
Теңге бағамының өзгеруі — қарапайым халыққа кері әсерін тигізбеуі тиіс деп ойлаймын. Ұн, бидай іспетті ауылшаруашылық тауарларын экспорттап отырған біздер үшін бағаның көтерілгені тиімді. Тауарларымыз сауда-саттыққа шыққанда доллармен есептелетіндіктен, бұдан ұтатынымыз анық. Мұндай жағдайда Елбасымыздың қабылдаған шешімін қолдаған дұрыс.
Баға толқуы мен дүрбелеңнің бірер күнде басылары анық, бүгінгі алтыбақанша тербелген доллар бағамы ертеңдері өз межесіне түседі, осыдан кейін барлығы да, өз орнына келеді.
Біздің кәсіп үшін доллардың өскені қажет. Доллармен сатылғанда тауарымыздан теңгемен шаққанда 30% дейін табысымызды еселейміз. Өндіріс ошақтарының жағдайы жақсы болса, қарапайым тұрғындар мен жұмыскерлердің де жалақысы арта түседі. Түсіп жатқан пайда қызметкерлерге де тиімді екені түсінікті.
 

 

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓