Ащы су айуандыққа апарды

Сәуір айында болған сұмдық қылмыстың сыры кеше ашылып, қанішер темір торға тоғытылды.
Оқиға Таран ауданының Аят өзені жағалауында болған. Балық аулауға барған екі еркек ішімдікке сылқия тойып алып, кейін араларында кикілжің туған. Бірінің мас болғандығы сонша, жағадан алған «досына» қарсылық білдіруге қауқары жетпепті. Аяғынан әзер тұрған «жауының» алқымынан және көкірек тұсынан түбі сындырылған бөтелкемен сан мәрте соққы жасаған. бутылкаОнысы аз болғандай, қаныпезерлік әрекетін пышақпен жалғастырыпты. Жәбірленуші сол жерде тіл тартпай кеткен. Ал, қандықол одан әрі жансыз денеге айуандық амалдар жасаған.
Таран ауданының 30 жастағы тұрғынын сот кінәлі деп тауып, 11 жылға бас бостандығынан айырды. Жазасын қатаң тәртіптегі түзету мекемесінде өтейтін болады.
 
Жандос Жүсіпбек

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓