Ұлт жоспарын түсіндірді

Аудандық ішкі істер бөлімінде облыстан арнайы келген ақпараттық-насихат топ Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлт жоспары – бес институционалдық реформаны жүзеге асыру бойынша 100 нақты қадам» атты бағдарламасын  түсіндірді.IMG_8654
Құқық қорғау органдары  қызметкерлерімен кең көлемде өткен кездесуге ақпараттық-насихаттық топ мүшелері,   Қостанай облысы әкімдігі аппаратының мемлекеттік-құқықтық бөлім меңгерушісі Қайрат Оспанов, Қостанай облыстық ІІД-нің мемлекеттік тіл және ақпарат басшысы Әділбек Нұрмахин, аудан әкімінің орынбасары Елжан Тұрабеков және аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы, полиция подполковнигі Серік Рахметжановтар қатысты.
Қостанайдан келген мәртебелі меймандар «Ұлт жоспары – 100 нақты қадам» жөнінде баяндап, ондағы тапсырмаларды орындау ортақ міндет екенін атап өтті. Сондай-ақ, жергілікті атқарушы органдарға және жергілікті қоғамдастыққа есеп беретін жергілікті полиция қызметін құру реформасына, жемқорлыққа қарсы күресті күшейту барысына және де құқық қорғау органдарының барлық қызметкерлеріне қатысты мемлекеттік қызмет туралы жаңа заң жайында тереңірек тілге тиек етті. Оған қоса бейнебақылау құрылғысы қойылған патрульдік көліктер тұрғысында әңгіме өрбіді. Болашақта аталмыш құрылғыларды елдегі жол полициясы көліктерінің барлығына орнату жоспарланып отырғандығы айтылды. Осы жайында аса қызығушылық танытқандар сауалдар жолдап, тиісті жауаптарын ала алды.
 
Руслан ӘЛКЕЕВ,
Сарыкөл ауданы.

 

 

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓