Жаяу жүргіншіні қағып кетті

ЖЖЕ бұзушыларға қарсы талаптар барынша күшейтілуде. Тәртіп сақшылары ережені екі қайтара бұзғандарды жүргізуші куәлігінен айырып, айып алаңына тоғытып… жол қозғалысын қатаң қадағалауға алған. Әйткенмен көлік иелері «немкеттіліктен» сонда да арылып болар емес. Тағы да облыс орталығында жол көлік оқиғасы тіркелді. Темір тұлпар тізгіншісі жаяу жүргінші жолағында 23-жасар қызды қағып кетті.ДПТ пешеход
Оқиға Герцен көшесіндегі «Өрт сөндіру Депосы» аялдамасы маңында болды. «Ауди» автокөлігін тақымдаған 43 жастағы азамат «теңбіл өткел» үстімен қаннен-қаперсіз өтіп бара жатқан қызды соғып кетті. Салдарынан жәбірленушінің тобығы омырылып, басынан қатты жарақат алып, миына зақым келген. Қазіргі уақытта қалалық ауруханада ем қабылдап жатыр.
Ал жүргізушінің үстінен қылмыстық іс қозғалды.
 
Жандос Жүсіпбек
 

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓