Батырға арнап ескерткіш орнатты

Таран ауданында жергілікті кәсіпкерлердің қолдауымен Кеңес Одағының батыры Сейітхан Темірбаевтың құрметіне мүсін-монумент тұрғызылды. Сейітхан Нұрмұханбетұлы Таран ауданына қарасты Қызылжар ауылында туған. Соғыста Сталинград қаласы үшін болған ұрыстарға қатысып, Донбас, Николаевск және Одесса облыстарын, Молдова, Польша жерін дұшпаннан босатты. Рота командирі Темірбаев шабуылға шыққан жауынгерлердің алдыңға қатарында жүріп, Жеңісті Берлинде күтіп алды. Ленин, Қызыл Жұлдыз, Қызыл Ту, І дәрежелі Отан соғысы орденімен марапатталған.таран
— «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының бастамасымен қолға алынған «Ұрпақтар алғысы» жобасының аясында аудандық «Жеңіс» қоры тарихи ескерткіштерді ретке келтіріп, ардагерлер үйін жөндеуден өткізді. Осы жұмыстардың барлығы тарандық 25 кәсіпкердің қаржысына жүргізілді, — дейді кәсіпкерлер палатасының аудандық филиалының өкілі Наталья Руднева.
Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығына орай осындай ізгілікті шаралар өңірдің басқа да аудандарында жалғасын тауып жатқандығын атап өткен жөн.
 
Қуаныш СЕЙДОЛЛАҰЛЫ 

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓