6 бала жемістен ұшынды

Федоров ауданының Ленинский селолық округіне қарасты Жаңақой ауылында 6 бала ұшынып, аудандық ауруханаға түсті. Ең кішісі 1,5 және ең ересегі 13 жаста. Олардың екеуі жан сақтау бөліміне жөнелтілген. Ауыр халдегілері ізінше Аэромобильмен Қостанай қаласындағы облыстық балалар ауруханасы жеткізілді. Ал, қалғандары аудандық аурухананың диагностикалық палатасында қаралуда.отравление
Алғашқы күні-ақ алдын ала болжамдар бойынша жеткіншектердің астан ұшынғаны айтылған-ды. Аудандық ТЖБ, АІІБ және облыстық тұтынушылар құқығын қорғау Департаменті мамандарының дереу тізе біріктіре жұмыс жасауы арқасында жаңа деректер анықталды. Балалар Жаңақой ауылында тұратын Квашуктар отбасының ауласындағы шие жемісінен ұшынған. Толыққанды мәліметтер әлі де анықталу үстінде.
Жеткіншектерге медициналық көмектер көрсетіліп жатыр.   
              
Жандос Жүсіпбек
 

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓