Бүлдіршіндер шаттыққа кенелді

DSCF4515Жақында Ә.Боранбаев атындағы кинотеатр ауласынан балалардың ойын-сауық алаңы ашылды. Жас кәсіпкер С.Шаңғытбаев үкіметтен 3 млн. теңге қайтарымсыз несие алып, тың кәсіптің көзін тапқан. 

Халықаралық балаларды қорғау күнінің қарсаңындағы қуанышты шараға халық көп жиналды. Әсіресе жас балғындардың қуанышында шек болған жоқ. Үрлемелі бассейндерде қайықпен жүзіп, шар ішінде су бетімен жүріп, түрлі серпімелерде секіріп мәре-сәре болды.   

– Моноқала бағдарламасы қалаға үлкен дем беруде. Тұрғындар мемлекеттік грантқа қол жеткізіп, шағын және орта бизнес саласы өркендеп келеді.

Білім бөлімінің есебінше, қалада бес мыңның үстінде жас жеткіншектер бар екен. Соған қарағанда ойын-сауық алаңы да өзін-өзі ақтайды деген сенімдеміз, – дейді қалалық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Дархан Хамзин.

Жаңа жұмыс орны 15 адамды жұмыспен қамтыды.

 

Мұрат Жүнісұлы

Арқалық қаласы.

Суретте: Балғындардың шаттықты шағы.

Суретті түсірген автор.

 

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓