Мүгедектерді жұмыспен қамту – өзекті мәселе

Бүгінде қамкөңіл жандарға әлеуметтік көмек көрсетілуде. КСК шағын ауданында ашылған "Преодоление" тәуелсіз өмір орталығы үш жылдан бері тірек қозғалысы бұзылған жандарға әлеуметтік көмекпен қатар, оларды кәсіби оқытуға, қоғамның толыққанды мүшесі болуға жағдай жасап отыр. Биылғы Елбасы Жолдауында да мүмкіндігі шектеулі жандарды қоғамның толыққанды мүшесі ретінде қамту мәселесі жолға қойылған еді.
 
мүгедекОсы орталықтың "Үміт-Надежда" қоғамдық қоры төра-ғасының орынбасары Аруна Жақсағұлованың айтуынша, бүгінде тірек қозғалысы бұзылған 20 адам күндізгі жартылай стационарға барып жүр. Орта-лыққа келуге тілек білдіргендер саны анағұрлым көп, бірақ онда дәрігерлердің нұсқауымен және бейімдеудің жеке бағдарламасы бойынша адам саны шектеліп отыр.
– Облыстық жұмыспен қамту-ды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мемлекеттік тапсырысы аясында күндізгі стационар жұмысын біздің қоғамдық қор жүзеге асыруда. Жартылай стационар-дың қызметі мүгедектерді қоғамға бейімдеу, өмірін жақсартуға бағытталған. Осы мақсатқа биыл мемлекеттен 4,5 миллион теңге қаражат бөлінді. Орталықта емдеу-дене шынық-тыру бойынша нұсқаушы, меди-циналық қызметкер, психолог, музыка, вокал, еңбек тера-пиясының оқытушылары жұмыс істейді. Сонымен қатар, спорт зал жұмыс істейді, компьютерде оқыту, тігін ісін оқыту, түрлі үйірмелер жүргізілсе, полигра-фиялық дизайн және іс жүргізу курстарын ашу жоспарланып отыр, – дейді А.Жақсағұлова.
Шұға                              
    ҚОҢҚАБАЙ
 

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓