Жастарды жұмысқа шақыруда

Қостанайда «Жас Отан» Жастар қанатының «Сәтті қадам» жобасы бойынша құжаттарды қабылдау басталды. Аталған жобаға 18 бен 29 жас аралығындағы азаматтар қатыса алады. Партиялық жоба оқу бітірген жастардың мамандығы бойынша жұмыс істеуіне мүмкіндік бермек.DSCN4688"Сәтті қадам" аясында «Жас Отан» ЖҚ ҚОФ 13 жұмыс беруші мекеме және ұйыммен меморандумға қол қойды. Олар: облыстық білім басқармасы, облыстық Әділет департаменті, «Қазақтелеком» АҚ, «Иволга-Холдинг», «Баян сұлу» АҚ, «Евраз Каспиан сталь» ЖШС, «СарыарқаАвтоПром» ЖШС, «АгромашХолдинг» АҚ, «Қостанай минералдары» АҚ.  Аталған мемлекеттік мекемелер мен жекеменшік компанияларда жастар тәжірибеден өте алады. Тәжірибеден өтуші үш апта ішінде берілген тапсырманы тиянақты орындап, өзінің қарым-қабілетін көрсетуі керек. Жұмыс беруші тараптың көңілінен шығып жатса, әрі қарай тұрақты  жұмысқа қабылданады. DSCN4686-Аталған жобаның мақсаты-жастарды жұмыспен қамту. Сондықтан дипломын алған жас маманға еліміздегі ірі компанияларда сынақ мерзімінен өтіп, тәжірибе алуға мүмкіндік туып отыр. Өзім де осы жоба бойынша жұмысқа орналастым,-деді «Жас Отан» ЖҚ ҚОФ жобаларының үйлестірушісі Бауыржан Жүнісов.
Жобаға қатысу үшін түйіндемені [email protected] электронды мекенжайына жіберу керек. Құжаттар 1 тамызға дейін қабылданады. Әрі қарай бекітілген комиссия үздік өтінімдерді іріктейді. «Сәтті қадам» жобасы туралы толығырақ білгіңіз келсе, 8 707 517 73 18 немесе 39 14 74 байланыс телефондарына хабарласыңыз.
 
Қымбат Досжанова

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓