Қарттардың қамқоршысы

«Ата» қоғамдық қорының 10 жылдығына арналған «Қалдырған ізің мәңгілік» атты жаңа кітап баспадан шықты. Басылымның тұсаукесері І.Омаров атындағы қазақ драма театрында өткен болатын.IMG_3233
Бүгінде «Ата» қоғамдық қорын білмейтін қостанайлық кем де кем шығар. Себебі аталмыш қор ҰОС-ның ардагерлері мен тыл еңбеккерлерінің қолғанатына айналды. Қарттардың қамқоршысы, сырласы, мұңдасы десек болатындай. Қоғамдық қор 10 жылдың ішінде алуан түрлі игі шаралардың ұйытқысы болды. Әрбір жақсы істі  соғыс және тыл ардагерлері мен мүгедектеріне арнады. Оның белсенді мүшелері жалғызілікті қарттардың жағдайларын сұрап, науқастана қалса хал білісіп тұрады.IMG_3224
-Бір кездері біздің қатарымызда болған ардагерлердің кейбірі бүгінде ортамызда жоқ. Міне, сондай батыр азаматтардың даңқын асқақтатып, ерліктерін паш етуді мақсат тұттық. Оқырманға жол тартқан жаңа кітап ержүрек ерлерге деген мәңгілік ескерткіш болмақ. Бізге әрқашан қолдау білдірген Қостанай облысының әкімі мен қала әкімініе алғысым шексіз,-деді «Ата» қоғамдық қорының төрағасы Марат Қабдысалықұлы.
Аталған қоғамдық қордың мүшелері жыл сайын Елордамыз Астанаға саяхат жасайды. Бір топ ақсақал бас қаланың көрнекті жерлерін аралап көрді, депутаттермен де кездесті.  Көршілес Ресей жерінде де болып, майдандастарымен жүздесті. «Ата» ҚҚ-ның атқарған өзге де жұмыстары 55 минуттық деректі фильмде көрсетілді.IMG_3238
Іс-шараға Қостанай қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Қалиев, облыс әкімінің кеңесшісі Сергей Жалыбин, Таран және Алтынсарин аудандарының ардагерлер кеңесінің төрағалары қатысты. Көршілес Ресейден келген құрметті қонақтар сөз сөйлеп, Марат Қабдысалықұлын арнайы грамота және төсбелгімен марапаттады. Құттықтау сөзін сөйлеген облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Кенжебек Укин қазақстандық 28 панфиловшының ерлігіне ерекше баға берді.IMG_3228
-Ұлы Отан соғысында ерліктің ерен үлгісін көрсеткен батырлар, тылда тер төккен еңбек ардагерлері біздің арамызда бар. Міне, сондай жауынгерлердің арқасында бүгінгі күнге жеттік. Ұлы Жеңіс бәрімізге ортақ. Ұлы Отан соғысы жылдарында Мәскеуді ерлікпен қорғаған қазақстандық қаһарман жауынгерлер, 28 панфиловшының ерлігі ерекше.  Ержүрек ерлеріміздің ерліктеріне тағзым ету мақсатында Алматы қаласында 28 панфиловшыға арналған ескерткіш те орнатылған,-деді облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Кенжебек Укин.
 
Қымбат ДОСЖАНОВА
Суретті түсірген Айбек ЖҮЗБАЙ.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓