Назар аудар, Әріптес!

Байланыс және ақпарат қызметкерлері күні қарсаңында, облыстық «Қостанай таңы» газетінің ресми сайты оқырмандар арасында «Әріптес» сайысын жариялайды. «Қостанай таңының» оқырмандары  маусым айының соңына дейін, жылт еткен (өткір, қызықты, сын тұрғысындағы) жаңалығын сайтымызға жариялау мүмкіндігіне ие. Жаңалықтарыңызды [email protected] электрондық поштасына жолдаңыз. Редакцияға келіп түскен ақпараттар өңделіп, түзетіліп, www.kostanaytany.kz сайтының, «Ел аузынан…» айдарында жарияланады. Сайтымызға қоғамдық мәні бар, көп ақпарат жіберген оқырманымызға «Қостанай таңы» редакциясының арнайы сыйлығы беріледі. Сондай-ақ, «Қостанай таңының» қоғамдық тілшісі деген куәлігі тапсырылады.  Сайыс жеңімпазын анықтауда, мақаланың мазмұны мен оқылым рейтингісі, оқырман пікірлерінің ескерілерін айта кеткен абзал.Әріптес_3

Құрметті оқырман, қатарымызға қосылыңыз. Әріптес болайық, байланыс және ақпарат қызметкерлері күнін бірге тойлайық! 

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓