Злойдың зұлымдығы

Қостанай облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына қарақшылық жасап6 кісі өлтірді деп айыпталған 1977 жылы туған В.Злойға қатысты қылмыстық іс түсті.злой
Тергеу материалдары бойынша, ағымдағы жылдың 3 ақпанында В.Злой Щербаков ауылында тұратын апасына қонаққа келіп, жездесі және оның анасымен ішімдік ішеді.
Сол күні үй иесіне көрші әйел келеді. 1939 жылы туған көрші әйелдің құлағынан қызыл көзді алтын сырғаны байқаған Злой  бұйымды ұрламаққа бел буады. Келесі күні айыпталушы алкогольдік мас күйінде көршінің ауласына кіріп, аула ішінде жүрген кейуанаға бас салады. Жасы ұлғайған кісі оған қарсылық көрсете алмаған. Злой әжейді жерге құлатып, буындырып өлтіреді.
Қылмыстық ойын жүзеге асырған ол жәбірленушінің құлағынан алтын сырғаны шешіп алып, сол күні кешкілік бұйымды 13 мың теңгеге сатып үлгірген.
 
Қ.МАРАТҚЫЗЫ

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓