Жанкелдинде абаттандыру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр

Жанкелдинде жыл сайын үрдіске айналған санитарлық тазарту, көркейту, көгалдандыру жұмыстары қарқын алуда.
Бүгін аудан тұрғындары жауын-шашынға қарамастан көшет отырғызу, сан алуан түрлі гүлдердің ұрығын себу жұмыстарына кірісіп кетті. Абаттандыру шараларында гүлдер мен ағаштардың түптері, айналасы арамшөптерден тазартылды. 
Аудан әкімінің тапсырмасына сәйкес, әр сенбі күндері аудан орталығында тазалық жұмыстары жүргізіледі. Соның ішінде аудандық білім беру бөлімінің қызметкерлері абаттандыру жұмыстарына белсене араласып, еңбек сүйгіштіктерін танытуда.DSCF5440 Білім бөлімінің басшысы Наурызбай Балтабайұлы біздің мақсатымыз ауданымыздың көркейіп гүлденуіне атсалысу, осы арқылы елдігімізді танытып, өзгелерге үлгі өнеге көрсету деп сөзін топшылады.
Айта кетейк, аудан мен ауылдарға 4 түрлі ағаштың  2 мың көшеті отырғызылды. Көшеттер сатып алуға 196 мың және гүлдерге 140 мың теңге көлемінде қаржы бөлінген. Абаттандыру жұмыстары мамыр айының аяғына дейін жалғасын табады.
 
Байбатыр НИЯЗБЕКҰЛЫ
Жанкелдин ауданы

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓