«Ардагерлер – асыл қазынамыз»

«Қазақтелеком» компаниясының Қостанай филиалы Ұлыс Отан соғысы және еңбек ардагерлеріне құрмет көрсетіп, мерекелік дастарқан жайды.
Қариялар көптен бері көрмеген әріптестерімен кездесіп, арқа-жарқа болысып жатыр. Кешегі сұм соғыста қан кешіп, тылда тынымсыз еңбектенген ата-әжелеріміздің бүгінгі жастарға айтар жалғыз ғана тілегі бар. 86 жастағы Қазина әжей бүгінгі бейбіт күнді қадірлемеу үлкен қателік екенін айтады:
— Біздің көргенімізді жастар көрмесін. Әр уақытта бейбітшілік заман болсын! Жастарға тілейтінім – ынтымақты болыңдар! Біз киім, тамақ жоқ қиын күндерді көрдік. Өзіміз аш-жалаңаш жүрсек те, соғысқа көмектесу керек болды. Тылда жүріп еңбек еттік. Аянатын ештеңе қалған жоқ. Соғыстан кейін де оңай болған жоқ. Байланыс саласында еңбек еттік. Ал қазіргі заман тыныш заман ғой. Сондықтан кейінгі ұрпаққа айтарым – бір-біріңді сыйлап, қадірлеп жүріңдер.ГД с Хазина апай
Қостанай облыстық телекоммуникация дирекциясы Ұлы Отан соғысының үш ардагерін, отыз жеті тыл еңбеккерін, бес интернационалист-жауынгерді, Чернобыль АЭС апатының зардабын жоюға қатысқан 2 ардагерді қарамағына алып, қамқорлық жасап келеді. Айта кету керек, бұған дейін Дирекция әкімшілігі денсаулығына байланысты мерекелік жиынға келе алмаған соғыс ардагерлерінің үйлеріне барып, сый-сияпат жасап келген болатын.
Қостанай облыстық телекоммуникация дирекциясының бас директоры Қажымұрат Темірханов ардақты ардагерлерге жылы лебізін білдіріп, алғыс айтты:
— Сіздермен үнемі жолығып, амандық-саулық сұрасып, тілдесіп тұру – үлкен мәртебе. Кейінгі ұрпақтың қамсыз ғұмыр кешуі жолында Ұлы Жеңісті әкелген сіздерге қандай мадақ айтса да артық емес. Сол үшін жалықпай алғыс айта береміз. Сіздер соғыстың ауыр зардабын тарттыңыздар. Сіздердің арқаларыңызда міне, Жеңістің 70 жылдығын тойлап отырмыз. Мен өзім сол соғыс ардагерінің баласымын. Сол себепті сіздердің әрбіреуіңіз менің әкем секілдісіздер. Жыл өткен сайын жеңіс мерекесінің мәртебесі де, даңқы да артып келеді. Қазір біздің дирекциямызда 47 ардагеріміз бар. Алдымен біз соғыс ардагерлерінің үйлеріне барып, оларды құттықтап келдік. Қарт майдангерлер сіздерге дұғай-дұғай сәлем айтты.
Қажымұрат Жұмабекұлы құттықтау тілегінен кейін ардагерлердің кеудесіне Ұлы Жеңістің мерейтойлық жылына арналған төсбелгілерді тақты.медаль.jpg7 Сондай-ақ, компанияның атынан сыйлықтар таратылып, қошемет көрсетілді. Салтанатты жиын барысында «Жастелеком» жастар ұйымы мүшелері мен облыстық балалар үйінің тәрбиеленушілері көріністер қойып, ән шырқады. Дастархан басында ардагерлер өздерінің естеліктерімен бөлісіп, Жеңіс мерекесі ерліктің, батырлықтың, мәңгілік айбынның символы болып қала береді деді. «Әрбір адам — кез келген компанияның байлығы, ал соғыс ардагерлері – біздің асыл қазынамыз. Біздің болашағымыз жолында өлмес ерліктің үлгісін көрсеткен сіздерге біз мәңгілік бас иеміз»,- деген байланысшылар бұл күні ардагерлерге барынша көңіл бөлді. 
 
Шұға ҚОҢҚАБАЙ

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓