Жағалаудағы жеңіс думаны

Ұлы Жеңістің жетпіс жылдығын атап өту шарасы кешкісін Тобыл жағалауында жалғасты. IMG_1973Ауа-райының қолайсыздығына қарамастан Тобыл бойына жиналған халықтың қарасы көп-ақ.IMG_1981 Қала өнерпаздарының өнерін тамашалаған ағайынның көңілі шат, жүзі әсте жадыраңқы. Жас таланттардың орындауындағы соғыс жылдарындағы әндер үсті-үстіне шырқалып,IMG_2003 келушілерді үлкен әсерге бөледі. Жұрттың риза болғаны сондай кейбірі ортаға шығып билеп те алды.IMG_1997 Міне көптен күткен сәт те келіп жетті.IMG_2022 Көпшілік өзен жағасына мерекелік отшашуды тамашалауға ағылды. IMG_1993Жеңістің мерей тойына арналған бұл тосын сый қала тұрғындарының көңіл-күйін одан сайын жадыратты. Мұны көрген де арманда, көрмегенде арманда.
 
Айбек Жүзбай

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓