Жан тербеген Жеңіс күні

Арқалықтықтар Ұлы Жеңістің 70 жылдық мерекесін нөсерлетіп жауған жаңбырға қарамастан ала таңнан тұрып қарсы алды. Орталық "Наурыз" алаңында әскерилер, қала мекемелері мен ұжымдары сап түзеді.DSCF9780
Алаңға ҚР мемлекеттік туы кіргізіліп, әнұран ойнады. Тарихи сәттерді бейнелеген театрландырылған қойылым көрсетілді. Салтанатты шақта қала әкімі Ғ. Бекмұхамедов пен қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы К. Ақан халықты жеңіс күнімен құттықтады.
Ардагерлердің арқасында біз бақытты ғұмыр кешудеміз. Ардагерлеріміз қашанда мемлекет қамқорлығында.DSCF9787 Жеңіс мерекесіне орай Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің әрқайсына республикалық бюджеттен 250 мың, тыл ардагерлеріне 35 мың теңгеден берілді. Мұның сыртында жекелеген ұжымдар түрлі шараларын өткізіп, майдангерлерге, тыл ардагерлеріне құрмет көрсетуде. Ұлы Отан соғысының ардагері В. Бушуевқа қаладан жайлы пәтер кілті табыс етілді.Пәтер беру
Мерейлі мереке күні "Наурыз" алаңынан бастау алып DSCF9759Абай даңғылын бойлаған салтанатты шеру «Даңқ» алэясына барып тірелді. DSCF9773Мәңгілік алау басына гүл шоқтары қойылып, ерлікке тағзым етілді.DSCF9793
Сондай — ақ, дала сахнасында патриоттық ән — жыр әуелеп, спорттық жарыстар өзге де бұқаралық іс — шаралар ұйымдастырылды."Жастар" дәмханасында соғыс және тыл ардагерлеріне арналып мерекелік дастархан жайылды.
 
Мұрат Жүнісұлы
Суретті түсірген автор
Арқалық қаласы.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓