Сарыкөлдегі – Жеңіс күні

Бүгін – Жеңіс күні! Бұл мейрам — сарыкөлдіктер үшін ерекше сәттерге толы болды.IMG_1003
Сағат 10.00-де орталық алаңда Жеңіс күніне арналған мерекелік бағдарлама өз жұмысын бастады.IMG_0724 Аудан жұртшылығы шелектеп төккен жауынға қарамастан мерекеге ағылды.IMG_0827
Басты мейрам театрландырылған қойылыммен басталды.IMG_0789 Қан майдандағы оқиғалар мен Жеңісті қарсы алғандағы сәттер сахналанды.IMG_0931 IMG_0719IMG_0760Содан кейін аудандық мекеме басшылары мен ұйымдар, IMG_0673ҰОС-ның ардагерлері, соғыс-интернационалдары, аудандық Кеңес ардагерлері, колледж студенттері мен мектеп оқушылары сап түзеп,IMG_1187 Даңқ ескерткішіне дейін жүріп өтті.IMG_1193
Аудан әкімі Эльдар Күзенбаев айтулы мейраммен соғыс және тыл ардагерлерін, мәртебелі меймандар мен сарыкөлдіктерді құттықтады. IMG_0823Жүрекжарды лебіздер легін соғыс ардагері Андрей Евтушенко жалғастырып, майдандастарымен өңір халқын құттықтап, тек қана бейбіт заман болуын тіледі.IMG_0998
Алаңға жиналған жамағат соғыста қаза тапқан майдангерлерді бір минут үнсіздікпен еске алып, олардың рухына тағзым етіп, ескерткішке гүл шоқтарын қойды. Бұдан соң сарыкөлдіктер солдаттық асхананы аралап, мерекелік концертті тамашалады.IMG_0801
Сондай-ақ, Жеңіс күнінің құрметіне соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне арналып, мерекелік түскі тамақ беріледі.IMG_0778
Бүгінгі мерекедегі бір ерекше жәйт, сарыкөлдіктердің төбелерінен ұшып өткен ұшақ бейбітшіліктің белгісі ретінде түрлі-түсті қағаздарды тастады. Бұл жағдай аудан тарихында алғаш рет болып отыр.IMG_0794
Жалпы, сарыкөлдіктер бұл мерекеден ерекше әсер алып, тағы бір Жеңіс тойын тарих қойнауына шығарып салды.
 
Руслан ӘЛКЕЕВ.
Сарыкөл ауданы.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓