Жүйріктен жүйрік озды

Жеңістің 70 жылдығына орай жеңілатлетикадан «Костанайские новости» газетінің жүлдесіне арналған жарыс болып өтті. Бұл осымен 67-ші ұйымдастырылып отыр. Жарысқа екі мыңнан астам спортшылар, елуден астам командалар бар. Бұлар облыс орталығында жоғарғы оқу орындары, техникумдар мен колледж, мектеп ұжымдары. Желаяқтар жарысының ашылу салтанатына облыс әкімі Нұралы Садуақасов қатысып, сөз сөйледі.
-Жарысты дәстүрлі түрде өткізу қостанайлықтар үшін үйреншікті әдетке айналған.IMG_5367хБұдан былайғы уақытта да осы бір игі шара жалғаса береді деген сенімдемін,-деп атап өтті аймақ басшысы.
Айтпақшы, соңғы үш жыл бойы негізгі жүлделердің қатарын облыс әкімінің Кубогы толықтырып келеді.IMG_5363х
Сонымен абсолюттік сындарда жиырма сегізінші рет Қостанай индустриалдық-педогогикалық колледжінің командасы чемпион атанып, ауыспалы IMG_5390хКубокты жеңіп алды. Екінші орын А.Байтұрсынұлы атындағы ҚМУ-ға бұйырды. Жүлделі үшінші орында КМПИ желаяқтары еншіледі.
 
Айбек КӘДІРҰЛЫ

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓