Веложарыс Жеңіс тойына арналды

Бүгін Қостанайда Отан қорғаушылар күні мен Жеңістің 70 жылдық тойының құрметіне арналған веложүгіріс болып өтті.IMG_5394х Оған спорттың осы түрімен шұғылданып жүрген жасөспірімдерден бастап қартаң кісілерге дейін қатысты. Ұзын саны 200-ге жуық велошабандоздарды облыс әкімі Нұралы Садуақасов өзі бастап шықты. IMG_5476хОның жанына қала әкімі Ахметжан Ахметбеков, қалалық спорт және туризм бөлімінің жетекшісі Нұржан Ермағамбетов және облыстық велоспорт федерациясының президенті, КСРО спорт шебері Александр Бородиндер ерді.IMG_5447х Назарбаев зияткерлік мектебінен басталған велосипедшілер шеруі облыс орталығының көшелерін көктей өтіп, Жеңіс саябағына келді. Осы арада облыс басшысы бастаған спортшылар белгісіз жауынгер мемориалына гүл шоқтарын қойды.IMG_5509х Содан кейін осы арада шағын митинг болды. Онда велошабандоздар атынан Ұлы Отан соғысының ардагері Балтабай Қазиевке ескерткіш сыйлық табыс етілді.IMG_5528х Дәл осындай марапат жас спортшы, Кеңес Одағының батыры, даңқты жерлесіміз Леонид Беданың шөбересі Максим Бедаға да көрсетілді.IMG_5515х
-Әрине, мен атамның батыр болғанын мақтаныш етемін. Дегенмен, бүгін облыстық федерация тарапынан мұндай сыйлық күтпеген едім. Барша кісілерге рахмет айтқым келеді,-деді батырдың нәсілі.
Жалпы, мұндай шара облыс орталығында тұңғыш рет ұйымдастырылып отыр. IMG_5405хОблыс басшысы осыны жылда дәстүрге айналдыру қажеттігін ескертті. Және оған қатысушылардың қатары жылдан жылға көбейетіндігіне сенім білдірді.Салауатты өмір салтын қалыптастыруда Тобыл өңірінде көптеген спорттық шаралар белсенді түрде қолға алынып келеді. Соның бір көрінісі бүгінгі велобәйге.
-Соңғы жылдары облыс велоспорты қарқын дамып келеді,-деп атап өтті Н.Садуақасов,- облыста үш бірде халықаралық дәрежедегі спорт шебері, бес ел чемпионы тәрбиеленіп шықты.Мұның бұқаралық спортты дамытудағы ерен жетістіктер деп білемін.
 
Айбек КӘДІРҰЛЫ
Суреттерді түсірген Бағдат АХМЕТБЕКОВ

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓