Бірлігі жарасқан ел мерекесі

Қазақстанда 130 астам ұлт өкілдері тұрады. Барлығы бір шаңырақ астында береке-бірлікте өмір сүруде. IMG_1337Жақында өткен ҚР Президенті сайлауында еліміздегі бірлік мен ынтымақтастықты барша әлемге паш еттік.IMG_1329 Бүгін міне Қазақстан халқы бірлігін күнін  бірлігі жарасқан ел болып  тойлатып жатырмыз.  IMG_1266
Қостанай қаласының орталығында мерекелік іс-шаралар сағат 11.00 шамасында басталып кетті. Қала тұрғындары мен қонақтары назарына «Ел бірлігі – ел теңдігі» атты концерттік бағдарлама ұсынылды. IMG_1291Әр адам өз талғамына қарай көңіл көтерді.IMG_1320 Бірі кілемдер мен «Қорқыт мұрасы» атты музыкалық аспаптар көрмесін тамашаласа. IMG_1301Енді бірі «Достық балалар көзімен» атты көркемсурет туындалыран көріп қайтты.IMG_1326 Айта кету керек мұнда жиналғандар назарына ұзындығы 100 мерт болатын сурет көрсетілді. IMG_1341Онда қала оқушылары достықтың қалай түсінетіндігін бейнелеп берді.
Облыс әкімі Нұралы Садуақасов мерекелік іс-шаралар көрермендерінің бірі болды. IMG_1284 Аймақ басшысы спорттық ойындарды көріп, жергілікті өнерпаздар өнерін де тәнті болды.IMG_1250
         Облыс орталығының КСК шағын ауданында да мереке думанды өтті. «Жастар» саябағына еңбектеген сәбиден еңкейген кәріге дейін келді.DSCN0298
 — Биыл біздің мемлекетіміз үшін маңызды жыл. Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы мен Қазақ хандығының 550 жылдығын атап өтудеміз. 1 мамыр Қазақстан халқы Ассамблеяның ғана емес, елімізде тұрып жатқан барлық ұлт өкілдерінің мерекесі. Бірлігіміз нығая берсін. Мереке құтты болсын, жерлестер, деп өз тілегін білдірді «Янтарь» этно-мәдени орталығының төрағасы Сергей Якушевич.DSCN0304
Мереке көтеріңкі көңіл күйде өтті десек артық айтқандық емес.DSCN0317Балғындар асыр салып ойнаса, DSCN0327қариялар З. Алдамжар атындағы ҚӘТУ күшімен дайындалған коцерттік бағдарламаны тамашалап, DSCN0308бір серпіліп қалды.
 
Махаббат Бекбай
Суретті түсірген Айбек Жүзбай
          

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓