«Болашақ» бағдарламасындағы жаңашылдық

 «Болашақ» бағдарламасына құжаттарды қабылдау 13 сәуірде басталды. Ағымдағы жылы құжаттарды қабылдайтын науқан үшке бөлінбек.
Өткен жылғыдай құжаттарды өзіндік күшімен түскендер, мемлекеттік қызметкерлер мен ғылыми-педагогикалық қызметкерлер, ЖОО түлектері, мәдениет қызметкерлері мен БАҚ өкілдері тапсыра алады. Сонымен қатар биыл инженерлер, медициналық және ғылыми-педагогикалық қызметкерлер үшін тағылымдама бағдарламасы жалғаспақ.
Квоталық санаттағы өкілдердің тілдік курстарға барар алдында IELTS-тің ең төменгі деңгейі 4.0 құрауы тиіс.8a940f8ed9fc28fca7cd149742f12974
Биылғы қыркүйек-қазаннан бастап барлық квотамен түсушілердің тілдік дайындығы 6+6 жаңа моделімен жүргізіледі. Яғни, алғашқы алты айда әрбір квоталық стипендиат Қазақстандағы екі орталықтың базасында тілдік  дайындықтан өтеді. Осыдан кейін ағылшынша ауызекі сөйлеуді және академиялықты толық меңгеру үшін шетелге алты айға барады.
Айта кету керек, тілдік дайындық квота иегерлеріне 18 айдан 12 айға дейін қысқарды. Өз күшімен түскендер тілдік дайындыққа мұқтаж емес, сондықтан да олар шетелдік жоғары оқу орындарынан шақырту ұсынылған жағдайда  бірден академиялық оқуға жіберілмек. Сонымен қоса, докторантураға түсетін үміткерлер үшін дипломның орташа балының шекті деңгейі 5-тен 4-ке дейін төмендетілді. 

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓