Қоқыс өртеуге тыйым салынады

Қоқыс өртеуге тыйым салынады деп жиі айтылып жүргенімен тұрғындар бұған құлақ асар емес. Соңғы екі аптада қоқыс өрттеп, от өршіген үш оқиға тіркелді.20140416_195902
Тілсіз жаудың алдын алу мақсатында Қостанай қалалық төтенше жағдайлар басқармасы қызметкерлері жер үйлерде тұрып жатқан қостанайлықтармен түсінік жұмыстарын жүргізуде.  Тұрғындарға үй ауласында қоқыс жағудың қауіпті екентігін ескертуде. SDC10159 Құрғақ ауа және қатты жел оттың таралуына себепші болады. От жағу, қоқыстар мен тұрмыстық қалдықтарды өртеу жұмыстары ғимарат пен үй-жайлардан 50 метр қашықтықта жүзеге асырылуы қажет. Шаруашылық құрлысының жанында қоқысты өртеп, сөндірмей тастап кететіндер аз емес. Осындай салғырттықтың салдарынан  өрт  оқиғасына әкеп соқтырады.
Былтырғы жылы Қостанайда талапты бұзып, от жаққаны үшін 26 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Олардың дені жеке үйлер иелері.
Ескертуді тыңдамай, қоқыс өртегендер әкімшілік жазаға қолданылады. Оларға 3 айлық есептік көрсеткіш көлемінде  айыппұл салынады.
 
Махаббат Бекбай

 

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓