Облыстық мәслихат құттықтауы

Ұлы Жеңістің 70 жылдығы қарсаңында Қостанай облыстық мәслихаты соғыс ардагеріне құрмет көрсетті. Мәслихат хатшысы Сайлаубек Ещанов Ұлы Отан соғысының ардагері, облыстық мәслихаттың ардагерлер бастауыш ұймының мүшесі  Георгий Вишниченконың үйіне  барып, келе жатқан мерекемен құттықтады.IMG_0404
Георгий Вишниченко 17 жасында, яғни 1943 жылы Қарабалық аудандық әскери комиссариаты арқылы әскерге шақырылған. Отты жылдары ол Австрия мен Чехияны азат ету шайқасына қатысқан. Соғыстан кейін мұғалімдікке оқып, еңбек жолын ұстаздықтан бастаған. Содан кейін 24 жыл бойына Есенкөл мектебінің директоры болған. Бар саналы ғұмырын мектепте бала оқытуға арнаған қарт кезінде  ҚазССР-нің «Білім беру ісінің үздігі»  төсбелгісімен марапатталған. Ал майдандағы ерлігі үшін ІІ-дәрежелі «Отан соғысы» ордені және  «Ерлігі үшін», «Венаны азат еткені үшін» медальдары бар. Қазір қария 89 жаста. Ауыр дертке шалдықса да соғыс ардагері мойымақ емес.IMG_0402
Құттықтауға келгендер ардагер омырауына «Ұлы Жеңістің 70 жылдығы» мерейтолық медальді тағып, теледидар сыйлады. 
 
Махаббат Бекбай
Суретті түсірген Бағдат Ахметбеков

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓