Көшемізден көрік кетті

ГулбануМен көпбалалы анамын. Айтайын дегенім, биыл көктем келісімен көшемізбен жүру мұң болып қалды. Өткен жылы ауылымызға "Ақбұлақ" бағдарламасы арқылы ауыз су келіп мәре — сәре болып едік. 20150413_172315Алайда, "Бір жақсылықтың бір жамандығы қоса жүреді" деген рас екен. Үйімізге су келгенімен, есесіне көшеміз адам көргісіз ми батпаққа айналды.20150413_172157
Оның себебі бұрынғы таптаурын жер қазылып, қопсығаннан кейін белуардан балшыққа баттық. Мұның өзі "Тоқал ешкі мүйіз сұрап құлағынан айрылыпты"дегеннің кері болып тұр. Әсіресе, мектепке баратын балаларымызға обал. Қарт кісілер де жүріп — тұрудан қалды.20150413_173323
Енді кімнен көмек күтерімізді білмейміз. "Жұмысты жоспарлағандар осылай боларын біледі ғой. Япыр — ай, ең болмаса қиыршық тас төсеп кетсе қайтеді екен?" деп ел реніштерін білдіруде.
 
Гүлбану Қуандықова, "Нефтебаза" поселкесінің тұрғыны
Арқалық қаласы.

 

Читайте также:

1 комментарий

  1. Айдос:

    Мына жер коркынышты екен

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓