Шалғайдағы шағын ауылдың шағымы

Жақында бір газеттен 20 жыл бойы жарықсыз отырған ауыл жайлы мақаланы оқып таң қалдым. Қазіргі жаһандану заманында бәрі дамып, жыл сайын гүлденіп, нұрлы жолда нұрланып жатқан Қазақстанда осындай ауыл бар деп кім ойлаған.девушка
Иә, шыныменде біздің бала күнімізде жарықтың болмайтыны рас. Болса да уақытпен ғана берілетін еді. Май шамды дайындап, пиаласын тазартып айнадай жарқыратып қоюшы еді қайран жарықтық әжелеріміз! Бірақ, ол дәуірден өткелі қай заман. Қазір қай ауылға барсаңызда көшелері жарқыраған шам, әр үйге интернет желісі қосылған.  Бұның бәрі ауылдың қамын ойлап, ауылды гүлдендіреміз деп жүрген көкелеріміздің еңбегі  ғой қанша дегенмен. Лайым жылда көркейте берсін.
Менің айтайын дегенім өзім келіні атанып отырған, ұлт көсемі атанған А.Байтұрсыновтың туған жері Қарасу ауылының қазіргі жай-күйі, ахуалы жайлы болмақ.Кезінде дүркіреп тұрған (бұрынғы Южный ) кеңшарының қазіргі көрінісі кімді болмасын бей-жай қалдырмасы анық. Мұндағы халық үшін ең бірінші мәселе әрине, қара жолдың  қасіреті. Аудан орталығынан 150 шақырым жерде орналасқан шағын ауылдың айтар шағымы да аз емес. Жол азабын тартқан қаншама жолаушының сыртқа қатынауы өте қиын. Мені алаңдататыны, « әттеген-ай, қақаған қыста жолды қар басса, бір адам қатты науқастанып, хал үстінде жатса, ажалынан бұрын өліп кетеді-ау байғұс» деген ой. Құдай бетін әрі қылсын. Сондай-ақ, сырт көз сыншы демейді ме, менің байқағаным ауыл халқының 70% -ы жұмыссыз. Тек малдың арқасында жан бағып, азғантай малын ермек қылып, өз-өздерін алдап жүрген қарапайым халық.  Сол жұмыссыздықтың салдарынан ащы сумен достасып жүрген апталдай азаматтарымыздың теңселіп жүргенін көргенде ішің удай ащиды екен. Ауылдың сәнін келтіріп тұрған алыстан хан сарайындай көрінер мектеп ғимараты ғана. Бірде сол ғимаратта ауыл әкімінің жиналысы болады дегенді естіп барсам, жиналған  ауылдың ақсақалдары мен орта буын жастары. Күн тәртібіндегі мәселе, Аща бөгетін қандай жолмен болса да бөгеу керек. Ол бөгетті  бөгемейінше ауылдағы халық тұтынып отырған өзен су тазармайды екен. Қанша жылдан бері халық лас суды пайдаланып келеді. Сол  мәселені ауыл әкімі қолға алып, 2-3 күн ауыл жастары  барып бөгеп келді. Алайда, көрші Аққөл халқы бір-ақ күнде тас-талқанын шығарды. Неге? Не үшін? Бұл сұрақ мені көп толғандырды. Әрине, су Ақкөл халқына да керек. Екі ауыл ақсақалдары жиналып, бас қосқан жиналыстың шешімі Ақкөл халқының жағдайына шешілді.Сонда біз лас суды ішіп, еңбектеген баламыздан, еңкейген қариямызға дейін денсаулығымызға зиян келтіріп үндемей отыра беруіміз керек екен ғой.  Жоқ, басқасын қайдам, өз басым мұндай жағдайға көз жұмып отыра алмайды екенмін. Неге осындай  шалғай  жатқан ауылдың ахуалы төр басындағы төрелерді ойландырмай ма? Бір амалын тауып қарастыруға болмас па екен? Бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығармаса шешілмейтін мәселе болмайды. Мен бұл жерде Ақкөл халқын кінәлап тұрғаным жоқ, тек даудың басы Дайрабайдың көк сиыры болып кетпесе екен.
Қарасу ауылының жолы мен суының мәселесі шешілсе халық үшін одан асқан бақыт та, байлық та, арманда, тілекте болмас еді.Бірақ, бұл мәселе осы уақытқа дейін шешілмеген, бұдан кейін де шешіле қоятыны екі талай. Мәселенің шешілуі әрине жоғарыдағы басшыларға тікелей байланысты екені айтпаса да белгілі. Дегенмен, біздікі әшейін арман ғана. Қазақтың жаныңа медеу қылар әдемі сөздері көп   емеспе. Сол сөздердің бірін тұмар қылып жүре береміз. Үмітсіз шайтан.
 
                                                      Ақгүл КАДИРХАНОВА
                                            А.Байтұрсынов орта мектебінің
                                             мұғалімі
                                                        Жанкелдин ауданы

Читайте также:

комментария 2

  1. Ақгүл, ауылдағы су тазартқыш қондырғы істен шығып қалып па еді? Жалпы Қарасудың халқы қашаннан іргедегі өзеннің суын ішкен емес. Су тасығыш көлікпен таза жерден тасытып пайдаланушы еді. Бұған халық үйренген, әр үйдің қасында су сақтайтын ыдыстар болатын.  Әлі де солай шығар деп ойлаймын. Ал "Ашаны" бөгеудегі мақсат басқа шығар. Бұл екі ауылдың арасындағы дау ғой деп топшылаймын. 

    • Айдос:

      Дәуренбек Әбдібек, сіз осы ауылдарды жаксы білетін сияктысыз… Су тапшылыгын да, екі ауыл арасындагы айгайды да жаксы суреттеп отырсыз… Ел алдындагы азаматсыз, екі елді татуластырып, ауыз суга карык кылудын амалын карастырмадыныз ба?)))  Әлде, бул биліктін міндеті деп теріс айналамыз ба?!

Добавить комментарий для Дәуренбек Әбдібек Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓