Облыс әкімі пасхамен құттықтады

Бүгін христиан дінінің ежелгі әрі ең маңызды мейрамы – Пасха атап өтілді. Осыған орай қостанайлық православ қауымын айтулы күнімен облыс әкімі Н.Садуақасов құттықтап, денсаулық, бақыт пен игілік тіледі.DSC00512
– Құрметті қостанайлық православтықтар, сіздерді жарқын да айтулы Пасха мерекесімен құттықтаймын. Құдайға шүкір, біздің елімізде бір шаңырақ астындағы әр ұлттың өкілдері тату-тәтті, бейбіт өмір сүруде. Бұл біздің ең басты құндылығымыз болып саналады. Сондықтан, елдегі тыныштық пен бейтішліктің, береке-бірліктің сақталуына үлес қосып отырған дін басыларына да айтар алғысымыз шексіз. Пасха мейрамы баршаңызға құтты болсын, – деді облыс әкімі Н.Садуақасов.
Жиылған қауымды маңызды мерекемен Қостанай және Рудный қаласының эпископы Анатолий де құттықтап, облыс әкіміне алғысын білдіріп, пасхалық сый- сияпатты тарту етті.
 
Қарлығаш ОСПАНОВА

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓