Бүгіндегі жастарға оқу міндет…

   Қазір – білім ғасыры.  Білім бәсекесінің заманы.  Ел келешегі де,  экономикасының қарыштап дамуы да жас жеткіншектеріміздің білімі мен тәрбиесіне тікелей байланысты. Олардың  алған білімі қаншалықты жоғары болса, мемлекетіміздің әлем қауымдастықта бәсекелестікке қабілеті де соны биікте болмақ емес пе. Сондықтан да аталарымыз «Білекті –бірді, білімді –мыңды жығады» деп бекер айтпаған шығар.  Соның дәлелі ретінде   облыс орталығындағы балалар шығармашылығы үйінде республикалық пән олимпиадасы мен ғылыми жобалар байқауында үздік атанған қала мектептерінің бір топ оқушыларымен, сондай-ақ  білім шыңына жетектеген олардың ұстаздарымен кездесу салтанаты болып өтті.  Оқушылар мен педагогтардың  білімдегі табыстарын Қостанай қаласының әкімі А. Ахметжанов құттықтап, сый-құрмет көрсетті.IMG_7580х
    Салтанат барысында  қалалық білім бөлімінің жетекшісі  В. Цымбалюк  шағын баяндама жасап,  оқушыларымыздың  республикалық пән олимпиадасында,  ғылыми жобалар байқауында  көрсеткен  үздік көрсеткіштеріне шолу жасады. Атап айтсақ,  қала  мектептерінің  талапты оқушылары үстіміздегі жылғы  Орал мен Атырау қалаларында өткен  қорытынды республикалық пән  олимпиадасы кезеңінде  өздерінің білімділіктерін көрсетіп, жиырма медалға: бес алтын, бес күміс, он қола ие болды. Соңғы үш жылдың ішінде Қостанай қаласы мектептерінің оқушылары білім сайыстарында  көрсеткен жетістіктері жиырма бес пайызға өскен  Мысалы, 2013 жылы пән олимпиадасында он медалға ие болса, үстіміздегі жылы ол көрсеткіш 22-ға жетіп отыр.  Республика деңгейінде өткен білім байқауларында әсіресе, С.Мәуленов, М. Горький атындағы гимназиялардың, физика-математикалық лицейдің, №№ 9,17,23 орта мектептері мен №1 мектеп-лицейінің оқушылары үздік жетістіктерге жетіп, жүлдегерлер қатарында көрінді.IMG_7679х
-Қостанай қаласының олимпиада командасы  бірінші рет география пәнінен үш алтын, ағылшын тілінен екі алтын, қазақ мектептеріндегі орыс тілі пәнінен екі күміс, бір қола, сонымен бірге химия пәнінен екі қола жеңіп алды. Бұл дегеніңіз үлкен жетістік. Оларды біз мақтаныш тұтамыз,-деді В. Цымбалюк.
    Содан кейін білім жеңімпаздарын қала әкімі құттықтап, жылы лебізін білдірді.
-Мемлекет келешегі білімді жастарымыздың қолында. Сіздердің жетістіктеріңіз ең алдымен ата-аналарыңыздың, ұстаздарыңыздың, білім алып отырған мектептеріңіздің жемісі. Қала мектептерінде креативті, шығармашыл педагогтар жұмыс істейді. Барлықтарыңызға табыс тілеймін. Сол  секілді келешекте ұстаздар, оқушылармен қатар, мүмкін  жеңімпаздардың ата-аналарын да  марапаттау қажет шығар. Ынталандыру ретінде тіл пәндерінен бірінші орын алған оқушыларға  шетелге  бес не он күнге жолдама берген  дұрыс болар. Қаражат мәселесі шешілсе, бұл да ойланарлық мәселе, -деді өз сөзінде Қостанай қаласының әкімі А. Ахметжанов.
   —  Оқушым Алмагүл Тапаеваның  республикалық пән олимпиадасынан  орыс тілі пәні бойынша екінші орын алғанына өте қуаныштымын. Оқушым бесінші сыныптан бері байқауларға қатысып келеді. Үнемі үздіктер қатарында. Сол секілді әріптесім Сүлейменова Мағияны да құттықтаймын, оқушысы Дана Ишмұхамбетова  күміс медаль жеңіп алды, қазір ол 10 сыныпта оқиды,-деді бізге Қостанай қаласындағы №9 қазақ орта мектебінің мұғалімі Әлия Жүнісова.
-Әрине,  жүлдегер болғаныма дән ризамын. Осындай білім берген ұстазыма, көп қолдау, демеу болған ата-анама да  рахмет.  Биіл мектепті бітіремін. Білім грантына ие болғаныма қуаныштымын. Еліміздегі барлық жоғары оқу орындарының бірінде білім алуыма мүмкіндік бар. Мен Астана қаласындағы Гумилев атындағы Еуразия университетінде білім алғым келеді,-деді  Алмагүл Тапаева.
IMG_7729с

Сырбай Мәуленов атындағы гимназияның жүлдегерлері І.Баймуханбетова, Ә.Жолбарысова, ұстаздары А. Көшмурзина, Ж. Сәрсенбаева, гимназия директоры Б. Көшмурзин

       Салтанат аясында   республикалық пән олимпиадасы, ғылыми жобалар байқауында  үздік көрсеткіштерге  жеткен оқушылардың  ұстаздары, мектеп ұжымдары ақшалай сыйлық пен мадақтамаларға ие болды.  IMG_7723зЕстелікке салтанат иелері суретке түсті.
 
Гүлназым САҒИТОВА
Суреттерді түсірген Бағдат АХМЕТБЕКОВ

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓