Жеке кәсібімді ашқым келеді

Жақында сайттарыңызда жарық көрген «Ел аузынан» жобасын көріп, менде өзімнің көкейімде жүрген мәселемен бөліспекпін. Өзім қолдан ағаш табақ, бесік, сандық сияқты қазақтың қолөнер бұйымдарын жасаймын. Менің аты-жөнім Байқал Туысқан. Қостанай ауданының Затобол кентінде тұрамын. IMG_0918Әкенің қанымен, ананың сүті­мен берілген осы бір тәсілді меңгеруге өзім бала кезімнен ден қой­дым. Бұйым­дар­дың бәрі үй жағда­йында жасалатын болғандықтан, бі­раз қиындықтар­ды басымнан өткеріп жатқан жайым бар.IMG_0920

Жақында астаналық тұрғынның сұранысы бойынша электронды бесік жасап шығардым. Аз-кем осы бесік туралы айтып өтейін. Бесіктің ерекшелігі – бала жылай бастаған сәтте, өздігінен тербетіле бастайды. Бесік тербетілгенде қондырғыға енгізілген "Бесік жырын" ойнатып қоюға болады.

Менің айтпағым бұл емес. Қазақтың қолөнерін әрімен қарай дамытып, өзімнің жеке кәсібімді ашқым келеді. Бірнеше рет Қостанай аудандық жұмыспен қамту орталығына да бардым.IMG_0919 Олар маған жеке кәсібімді ашу үшін кепілдікке жылжымайтын мүлік қою керектігін айтады. Ал менің тұрып жатқан баспана жекешелендірілмеген. Басымда кепілдікке қоятын мүлігім де жоқ. Газет бетінде шағын цех ашып жатқандар туралы жиі оқимын. «Жұмыспен қамтудың жол картасы — 2020» бағдарламасына қалай қатысуыма болады? Кеңес берсеңіздер екен?

Қазір заманның дамыған уақыты ғой. Түрлі станоктарды көріп қызығамын. Өз шеберханамды ашсам деймін.

 

Читайте также:

комментариев 5

  1. Айдос:

    Массаған!!! Мынау керемет бесік қой?! Как раз, жалкауларга жаксы болады ))) Мынаны токпен емес, батарейкамен жумыс істейтін кылса, керемет болып кетеді екен. Багасы каншадан турады?

    • web_redaktor:

      Батарейкамен жұмыс істейтін бесікке тапсырыс беріп көріңіз. Шебер ондай да бесік жасай алатын шығар. Байқал Туысқанның өзіне хабарласқаныңыз жөн болар. 8-775-689-7410

  2. Патриот:

    Біздің Қостанайдың жағдайында биліктің тұтқасын шенеуніктер мұндайға қол ұшын созбақ түгілі алыстан қашуға тиісті. Бавйқал бауырым, сен одан да осындай "ақылды" бесіктерді шамаң келгенше жасап, сатылымға шығара бер. Мүмкін сонда ғана сең қозғалар… 

  3. Төлен:

    Мұндай бесіктің барын естігенмін. Бірақ Қостанайда қолы шебер жанның өнертапқышын осы сайттан біліп отырмын. Қызығушылық туды. Расында, бағасы қанша екен? Алуға тұрарлық дүние.

  4. Аноним:

    Керемет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓