Ескерткіштер қалпына келтіріледі

Ұлы Жеңістің 70 жылдығы қарсаңында облыстағы Ұлы Отан соғысына арналған нысандар мен ескерткіштер жаңартылады.uat3IqhNxRa8cynbK87JDJKDF0qq8f
Бүгінгі күні өңірде  295 нысан бар. Олардың екеуі республикалық маңыздағы ескерткіш және он тоғызы жергілікті. Мерекеге дейін тарихи нысандарға жаңа келбет беруді үлгеру үшін аудан және қалалар әкімдері орындалу мерзімдері көрсетілген тәуліктік жол картасын құраған. Оның негізінде ескерткіштер жөнделіп, айналасы абаттандырылады. 1 сәуірде басталған қалпына келтіру жұмысы 20 сәуірге дейін аяқталуы тиіс.
Ұсынылған  суреттер мен бейне түсірілімдер атқарылған жұмысқа дәлел болмақ. Құзырлы мекеме оның негізінде күн сайын мониторинг жүргізіп, бақылап отырмақ. Бүгінгі күні 12 нысанға жөндеу жүргізіліп жатыр. 14 млн. теңгеден астам қаржы игерілді.
Махаббат Бекбай

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓