Қыстан қалған коммуналдық мәселелер

Жеке пәтер иелері кооперативтерінің қызмет көрсетуі қостанайлықтар көңілінен шықпай отыр. Тұрғын үйлердің айналасы қардан тазартылмайды. Аулалардың алды көк тайғақ. Бұл азаматтардың құлап, жарақат алуына әкеп соқтырады. Қостанай қалалық ауруханасының жарат бөлімінің мәліметіне сүйенсек, 2015 жылдың бірінші тоқсанында 970 адам жарақат алған. Олардың 312 өз аулаларында, үйге кіре берістерде құлағандар.IMG_0838
Қаңтар айында «Арман» ЖПИК қарасты Қайырбеков көшесіндегі аулалардың бірінде суық су құбыры жарылып, ауланы   су басқан болатын. Көліктердің дөңгелердері белшеден батып, қатты аязда мұзға қатып қалған еді. Тұрғын үйлер алды көк тайғақ болып, көптеген қолайсыздықтар туғызды. Енді қазір сол мұз еріп, тағы да осы ауланың азаматтарының бас ауруына айналып отыр. Үйге кіре берістер шылқыған су. Балалар асыр салып ойнаса, үлкен кісілер су астындағы мұзға тайып құламасам ба екен деп қорқады.IMG_0837
Қала активінің жиналысында жеке пәтер иелері кооперативтеріне 15 сәуірге дейін аула ішіндегі аумақты және тұрғын үйлер арасындағы жолдарды жөнге келтіру тапсырылды. Сонымен қоса, ЖПИК 1 мамырға дейін көп қабатты тұрғын үйлер аулаларында санитарлық тазалық және абаттандыру іс-шараларын ұйымдастыруы тиіс.
 
Махаббат Бекбай 

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓