Құрметті оқырман!

Бұқара мен биліктің дәнекершісі болып отырған «Қостанай таңы» газеті қарапайым халықтың мұң-мұқтажы мен шешілмеген мәселелерін жоғарғы жаққа жеткізумен келеді. Өңірдегі жалғыз ана тілді басылымның облысымыздағы әрбір отбасындағы, қоғамдағы келеңсіздіктерді, қуанышты сәттерді қамти алмасы анық. Осы олқылықтың орнын толтыру мақсатында, редакция «ЕЛ АУЗЫНАН . . .» атты жобасын жүзеге асырмақ ниетте.
Бұдан былай Тобыл өңірінің кез-келген тұрғыны өзін алаңдатқан, қоғамдағы қайшылықтар мен келеңсіздіктер, қуанышты жайттарымен біздің сайтымызда бөлісе алады. Сіздер жіберген ақпараттар мен фото-бейне материалдар «Қостанай таңы» газетінің сайтына өз атыңызбен жарияланады. Қоғамдағы қозғаусыз қалған мәселелерді бірге көтеріп, жетістіктерімізге бірге қуанайық, ағайын!
«Қостанай таңы» газетінің [email protected] немесе әлеуметтік желілердегі [email protected]  э-пошталарына «Ел аузынан…» айдарына деген белгімен жолдауыңызға болады.

***

 «Ел аузынан» айдарына оқырмандарымыздың өздері жіберген жаңалық, хабарлары жарияланады. Осы айдарға жарияланған мақаланың мазмұнына мақала авторы жауап береді. Мақалада біреудің ар-ожданына, құқына, жеке басына тіл тигізуге, балағаттауға сондай-ақ, ұлтаралық араздықты тудыруына, Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы ақпарат таратылуына жол берілмейді.  Мақалаға пікір білдірушілер де заң алдында жауапты!

Біреуге жала жауып, тіл тигізгендер ҚР Қылмыстық Кодексінің ІІ бөлімі, 1 Тармағындағы 129 бапқа сай (3 жылға бас бостандығынан айыру) жауапқа тартылуы мүмкін. Өздеріңіз білесіздер, ақпараттық технология дамыған заманда, өз атымен я болмаса  бүркеншік атпен біреуге тіл тигізгендерді құзырлы органдар тез  анықтайтын болды. Бір-бірімізге тіл тигізіп балағаттағанша, сабырлық сақтап, пікірді заң аясында жазуларыңызды өтінеміз.

 

 

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓