Кәсібін ашқан мүмкіндігі шектеулі жандар да бар

Мүмкіндігі шектеулі жандарды жұмыспен қамту қазір қоғамның өзекті мәселелерінің бірі болып отыр. Қолының місекері бар мүгедектерге өз ісін бастауға қол ұшын беру бағытында "Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020" мемлекеттік бағдарламасы жұмыс жасап жатыр.
Қостанай аудандық жұмыспен қамту орталығының директоры Светлана Головкинаның айтуынша, "Жұмыспен қамтудың жол картасы–2020" мемлекеттік бағдарламасына қатысып, өз ша-руасын ашуға ниет білдірген мүмкіндігі шектеулі жандар да жоқ емес. 2011 жылдың шілдесінен мамыр айының ортасына дейін алты адам қатысқан.
– Аталған бағдарламаның үшінші бағыты бойынша Наталья Литвинова аспазшы, Татьяна Иваненко бақылаушы-кассир, Рая Бозщина сәнгер-тігінші мамандықтары бойынша материалдық көмекпен қоса қайта даярлау курстарынан өтті. Олардың арасынан Н.Литвинова Қостанай қаласындағы "Береке" дәмханасына аспазшы болып тұрақты жұмысқа тұрды. Ал Татьяна болса, өзінің денсаулығына байланысты жұмысқа тұрудан бас тарт-ты. Тігіншілікпен айналысқысы келген Рая Бозщинаның кепілге қоятын мүлік құжаттарының дұрыс болмауынан шағын несие ала алмады, – дейді жұмыспен қамту орталығының директоры.
Жыл басынан бері мүмкіндігі шектеулі жандар арасында жұ-мысқа тұрып жатқандар да бар. Бағдарлама шапағатын сезініп жатқандардың бірі Алтынай Нұрғожина.
Октябрь селолық округіндегі "Арман" шаруа қожалығына қо-салқы жұмыскер болып жұмысқа тұрды.
Аталған бағдарламаның екінші тармағы бойынша өткен жылы Заречный кентінің тұрғыны Байболат Үмбетов 1 млн. теңге шағын несие алып, тұрғындарға кәріз жүйесін жөндеуді қолға алды. Қазір жаңа техника алып, шаруасын шыр айналдыруда.
Ағымдағы жылы қамкөңіл жандарды "жастар тәжірибесі", әлеу-меттік жұмысқа орналастыру мақсатында бос жұмыс орыдары жәрмеңкесі өткізіліп тұрады. 
 

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓