Жаңа тағайындау

черненко«Казагроинновация» АҚ Басқармасы Төрағасының бұйрығымен «ТХ Заречное» ЖШС директоры болып Владимир Леонидович Черненко тағайындалды.
Владимир Черненко  1955 жылы Украинаның Кироградское облысының Маловисковск ауданының Хмелевское ауылында туған. Жоғары білімді, «галым агроном» мамандығының иесі. Еңбек жолын агрономдықтан бастаған ол басшылық лауазымдарда да қызмет атқарған.
2002 — 2014 жылдар аралығында  дейін «Заречное ТШ» ЖШС директорының орынбасары, «Ақ-Құдық» ЖШС директоры болған.
«Ерен еңбегі үшін» медальмен марапатталған.
 
Қостанай облысы әкімінің өкімімен облыс әкімдігі жерлерінің пайдаланылуына және қорғалуына бақылау басқармасының басшысы болып Теміржан Төлебайұлы Төлебаев тағайындалды.тулебев
Теміржан Төлебайұлы 1952 жылы Ақмола облысының Жаксын ауданының «Есіл» совхозында туған.
Жоғары білімді, 1976 жылы Целиноград ауылшарушалық институтының Қостанайдағы филиалын, «ғалым агроном» мамандығы бойынша білім алып шыққан. 2002 жылы – Қостанай әлеуметтік академиясында «заңгер» мамандығы, 2005 жылы Қостанай инженерлік-техникалық университетін «инженер-технолог» мамандығы бойынша білім алған. Ауылшарушылық ғылымдарының кандидаты.
Еңбек жолын ауылшарушылық саласында бастаған Теміржан Төлебайұлы бүгінгі күнге дейін әр түрлі қызметтерде табысты қызмет атқарып келді.
«Құрмет» орденімен, «Еңбек үздігі», «Қазақстан Республикасы тәуелсіздігіне 10 жыл», «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» медальдарымен марапатталған.
 
 
Салыкбаев«Ауылшарушылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ Басқармасы Төрағасының бұйрығымен «Ауылшарушылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ Қостанайдағы филиал директоры болып Марат Хамитұлы Салықбаев тағайындалды.
Марат Хамитұлы 1968 жылы Қостанай облысы Жітіқара ауданының Жітіқара совхозында туған.
1992 жылы Қостанай ауылшарушылық институтында «зоотехния» мамандығын оқып шыққан, 2002 жылы Заманауи гуманитарлық институтын тәмамадап, «заңгер» мамандығын иеленген.
Еңбек жолын 1989 жылы бөлімше бригарінен бастаған Марат Салықбаев мемлекеттік қызметтің барлық сатыларынан өткен. Сонымен қатар жетекшілік, басшылық лауазымдарда қызмет атқарды.
2006 – 2014 жылдар аралығында Қостанай қаласының «Отан» ЖШС директоры, «Гранд KZ» ЖШС директоры болған.
 
 
«Казводхоз» Республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Бас директорының бұйрығымен Қайрат Кәкімжанұлы Карбозов «Казводхоз» РМК Қостанайдағы филиал директоры лауазымына тағайындалды.карбозов
Қайрат Кәкімжанұлы 1968 жылы Қостанай облысы Жангелдин ауданының Көкалат ауылында туған.
Білімі – жоғары. 1993 жылы Қазақ Қызыл Ту орденінің  ауылшарушық институтын бітіріп, «ғалым агроном» мамандығының иесі атанған.  2007 жылы М. Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық университетін «экономика» мамандағын, 2009 жылы Мәскеу экономика статистика және ақпарат мемлекеттік университетінен «заңгер» мамандығын игеріп шыққан.
Еңбек жолын 1993 жылы шаруа қожалығының агрономы лауазымынан бастаған. Кейін ауылшаруашылық кәсіпорны директоры, қала әкімінің орынбасары және басқа да жетекші лауазымдарда болған.

 

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓