Сұраңыз, жауап береміз

– 18-ден асқан азаматқа бірінші рет жеке куәлікті қалай алуға болады?
 Нұргүл ҚАЙЫПХАНҚЫЗЫ.
Заречный кенті.
– "Қазақстан Республикасының халқын құжаттандыру және тір-кеудің кейбір мәселелері туралы" сәйкес мемлекеттік қызмет өтініш берушінің тіркелу орны бойынша халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы көрсетіледі.
Жеке куәлікті алу үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
– жеке басын куәландыратын құжатты уақытылы алмау себебі көрсетілген өтініш еркін нысанда;
– бүкіл тұрғылықты жері, оқу орны, жұмысы көрсетілген толық өмірбаяны;
– мекенжай анықтамасы;
– туу туралы куәлігі;
– әскерге шақырылушылар үшін тіркеу куәлігі немесе әскери міндеттілер үшін әскери билет (не әскери есеп туралы мәліметтерді растайтын құжат);
– ата-анасының бірінің жеке басын растайтын құжат. Бірінші рет оларға құжат беру туралы өтініш білдірген және туу туралы куәлікті ұсынған 18 жастан асқандар үшін жеке куәлікті ресімдеу олардың жеке басын анықтаған соң және ҚР азаматтығын растаған соң  жүзеге асырылады. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі –  30 күнтізбелік күн.
 

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓