Балуандарымыздың бағы жанды

kMvWaoyRluoАқтау қаласында грек-рим күресінен 23 жасқа дейінгі спортшылар арасында Қазақстан Республикасының ауыспалы чемпионаты болып өтті. Додаға еліміздің түкпір-түкпірінен "сен тұр, мен атайындар" келді. Облыс атынан барған Данияр Жақсылықов, Мирас Баршылықов, Вали Османовтар алтыннан алқа тақса, Гучигов Ілияс күмісті еншіледі. Аталған балуандардың барлығы олимпиадалық резервтегі балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде жаттығады.
Грек-рим күресінің классикалық әдісін жақсы меңгерген Мирас Баршылықов үшін бұл чемпионат алғашқы сынағы емес. Ол – халықаралық бірнеше жарыстардың жүлдегері. Бапкерлері – Александр Алексютин мен Владимир Матвиенко.
– Ақтаудағы чемпионатқа екі ай дайындалдық. Бапкерлерімнің қойған мақсаты да осы жарыстың алтынын алу еді. Қарсыластарым оңай болған жоқ. Дегенмен бабымнан жаңылмай чемпион атандым. Ең бастысы "ҚР спорт шебері" деген атағымды қорғап қалдым, – дейді Мирас.
Биыл 23 жасқа дейінгі спортшылар арасында Әлем және Азия чемпионаты өтеді. Қазақстан чемпионатының жеңімпаздары ретін-де есімдері жоғарыда аталып өткен сайыпқырандарымыз осы сайысқа тікелей жолдама алды. Күштілер додасында бақ сынайтын білекті балуандарымызға сәттілік тілейміз!
Қасқырбай Қойшыманов.
 

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓