Күлжан апаның женті

Қай кезде де халықтың тәбеті дүкен сөрелеріндегі қоспасы көп, жартылай дайын өнімдерден гөрі табиғи асқа жақын. Біз бүгін арнайы бетімізде қазақ дастарқанынан сирек көріне бастаған, дәмі де, түрі де ұмытыла бастаған ұлттық тағамдар жөнінде айтуды жөн көрдік.
IMG_1175цв1Ондай астың бірі – жент. Біздің бұл жолғы қонағымыз – Күлжан Қадырханқызы. Талай жыл кітапханашы болған апамыз бүгінде зейнеткерлікке шыққан. Дастарқаны небір дәмдіге толы, берекесі келіскен кісі. Қолынан дәм татқандар балдай тәтті асының дәмін ұмыта қомайсы рас. Шақырған қонағын ерекше ілтипатпен күтіп, барлық тағамдарды баппен, талғаммен тек қолдан ғана пісіргенді ұнататынын айтты. Қонақ күту, дастарқан жаюдың өзі бір өнер деп есептейтін Күлжан апа бізге жентті дәмді жасаудың құпиясымен бөлісті:
— Қазақтың ұлттық тағамдарының бірі – жент. Ол қыста қатпайды, жазда бұзылмайды, оның дәмі мен нәрі сол күйінде сақталады. Женттің май­жент, қазыжент, сүт­жент деген түрлері бар. Жентті жасау әдісі өте қарапайым, — дейді кейіпкеріміз.
 
Қоспа құрамы:
кесе сөк жармасы немесе талқан;
 
Дайындау тәсілі:
1.Жент жасалатын негізгі өнім — сөк. Сөк диірменге немесе аз-аздан кофе ұнтақтағышқа тартылады. Келіге салып түйіп, жармалауға да болады.
2. Үстіне ерітілгшен сары май құйылып, қант, ірімшік ұнтағы, мейіз салынады да, жақсылап араластырылады.
3. Ыдысқа салынып, беті тегістеледі де, салқын жерге шығарылады.
4. Дайын жентті табақшаларға салып, шай дастарқанына қоясыз.
Күлжан апа ұсынған жентті сіз де істеңіз. “Дастарқаннын” үйренеріңіз көп болсын. Әрі көп біле бермейтін құпия рецептіңіз болса міндетті түрде “Үш қызға” хат жолдаңыз. 

Читайте также:

1 комментарий

  1. Аноним:

    Ракмет! Кандай иримшик:  ак  па,  сары ма? Фаина,

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓