Мақсаттың мақсаты биік

максат copyҚостанайлық палуан Мақсат Ережепов АҚШ-та өтетін Дейв Шульцті еске алуға арналған жарысқа қатысады. Бұл танымал турнирде бірнеше әлем елдерінің атақты боз кілем шеберлері күш сынаспақ
Ел құрамасы сапында сынға түсетін спортшылар арасында 75 келіге дейін сынға түсіп жүрген М.Ережеповтың шоқтығы биік тұр. Халықаралық дәрежедегі спорт шебері  соңғы өткен үш бірдей Азия біріншілігінің жүлдегері атанғаны есте.
Грек-рим күресінен ұлттық құрама команданың бас жаттықтырушысы Таңат Сағындықовтың айтуынша, бапкерлер кеңесі өткен жылғы жұмыстарды саралай отырып, оқу-жаттығу жиындарының бағдарламасын түзді. Соған сәйкес жаттығу жиындары желтоқсан айында Тараз қаласында өтті.
– Қазіргі таңда палуандар күніне үш мезгіл жаттығады. Бұл боз кілем шеберлерінің спорттық формасын сақтауға аса септігін тигізеді. 5-10 мамырда Катардың Доха қаласында өтетін Азия чемпионатына дейін өз баптарына келуге тиіс. Ал 7-13 қыркүйекте АҚШ-тың Лас-Вегас штатында кезекті әлем біріншілігі жалау-ын көтереді. Мұнда Олимпиада жолдамалары сарапқа салынбақ.
 
 
 

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓