Ағаштан түйін түйген

IMG_1115цвКөрерменнің көзайымы болып жүрген І.Омаров атындағы қазақ драма театрының актері, ҚР мәдениет қайраткері Қабдул-Мәжит Имановтың көпшілік біле бермейтін тағы бір өнері бар екен. Бос уақытында ағаштан түйін түйген шебер бұл өнерін 40 жылдан бері жанына серік етіп келеді. "Қиындықта тығырықтан шығарған да осы өнерім" дейді актер.
Алматыға білім қуып барған жас бала алдымен осы саланы меңгерген. Бірер жыл жиһаз фабрикасында жұмыс істеді. Кейін барып актерлік жолға түсіпті. Студент болып жүргенінде де ағаш шебері болып жұмыс істеп, тәп-тәуір ақша табатын. Ағаштан бесік, домбыра, үйге қажетті кез келген жиһаздарды қиналмай-ақ жасай береді. Ең алғаш бесікті ұлы дүниеге келгенде істеген екен. Баласы ер жетсе де сол бесік тілекші болып үйінде тұр. Содан бері бесікке деген сұраныс күшті. Бәрінен де қазақтың қара домбырасын жасағанды ұнатады. Үйге келген дос-жаран қалап алып кетіп, тапсырыс берілетін кез де аз емес. Кей-кейде сәтті шыққан дүниесін қимай қалатын кездер де болып жатады.
Шеберлік Қабдул-Мәжит ағаның бойына әке қанымен дарыса керек. Әкесі Сүндет қамшы, ат әбзелдерін, шана, өзге де тұрмысқа керек заттардың барлығын да істейтін. Ауыл аймақты түгелімен қамтып отыратын. Әкеден көргені ұлға да жұқты. Және екінші мамандығы сияқты өмірде актерлікпен қатар келеді. Қайда барса да шебер қолдары көмекке келетін.
Актер бос уақытын өзінің шағын шеберханасында өткізеді. Жаны рахат тауып, алаңсыз ағашты иіп, домбыра, бесік істеп жатқаны. Қаладағы №20 мектепте сабақ беріп, оқушыларға шеберліктің қыр-сырын үйретуден талған емес. "Амандық болса, зейнеткерлікке шыққан соң арқаны кеңге салып, сүйікті ісімді жандандырсам", – дейді ағаш шебері.
Айтолқын
        АЙҚАДАМОВА
СУРЕТТЕ:   Қабдул-Мәжит Иманов.
Суретті түсірген Айбек ЖҮЗБАЙ.
 

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓