Спорт әдіскерлері жұмыс істеуде

Ауданда спорттың бұқаралығын арттыру үшін тиісті жұмыстар жүргізілуде. Нәтижесінде ауданның 5 округіне спорт әдіскерлері жіберілді.  Атап айтқанда Құмкешуге Ерлан Тоқмағанбетов, Амантоғайға Бақтілеу Сабыров, Қарасуға Дархан Есболов, Үрпекке Бекзат Оралбаев, Аманкелді селолық округіне Бауыржан Кәкіманов секілді жоғары білімді спорт мамандары әдіскер болып тағайындалды.
indexҚазіргі күні бұл мамандар өздері еңбек етіп жатқан ауылдық округтердің жастары арасында спорт жұмыстарын жүргізу үстінде. Бұларға еңбекақы аудандық дене тәрбиесі және спорт бөлімі ММ арқылы төленеді.
–  Бұл жастардың барлығы да Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педогогикалық институтының дене тәрбиесі және спорт факультетін бітірген жастар. Олардан үлкен үміт күтіп отырмыз. Себебі осы уақытқа дейін ауылдық округтерде спорт әдіскерлері болған емес.  Соның салдарынан округтердегі жастар арасындағы спорт жұмыстары дұрыс жүрмей келді. Мақсатымыз алдағы уақытта ауданымыздың қалған 6 ауылдық округтеріне де спорт әдіскерлерін қызметке тарту. Өйткені өздігінен ешқандай іс бітпейді. Өйткені Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев айтқандай, спорттың бұқаралығын арттырудың маңызы зор. Ол үшін жастардың басын қосып, түрлі спорттық ойындарға үйретіп, тәрбиелейтін әдіскерлер міндетті түрде болу керек. Сонда ғана жастар арасындағы спорт жұмыстары өз нәтижесін береді. Ал спорт дегеніміз – адамдардың денсаулығын жақсарту деген сөз, – дейді аудандық дене тәрбиесі және спорт бөлімі ММ басшысы Болат Фазылұлы Мусин.
Хамитбек
     МҰСАБАЕВ
Аманкелді ауданы

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓