Бастау

Редакциямызға Меңдіқара ауданындағы Ғ.Жұмабаев атындағы орта мектебінің   бір топ  оқушыларының қаламынан  туындаған жыр жолдары келіп түскен еді.  Сол балаң жырларды оқырман қауым сіздер де оқып көріңіздер.
Достық деген…
Достық деген ұғымды қадірлеймін мен терең,
Достық қымбат екеніне шынымен де мен сенемін.
Жабырқаса көңілім мені досым жұбатар,
Дақ түсірмей сол достықты қадір тұтып мен келем.
 
Басқа түссе қиыншылық досың сені құтқарар,
Сол досыңның жақсылығы жүрегіңде сақталар.
Достық деген ұғымға кір түсірмей таза ұста,
"Досқа адалмын" дейтін жан болыңдар мақтанар.
Аруна АСЛАНҚЫЗЫ.
 
Мектептегі ерекше адам
 Мектептегі ерекше адам – мұғалім,
Мектептегі әкем, анам – мұғалім.
Зерттей білер адам жанын аянбай,
Мейірлі жан, қамқор, панам – мұғалім.
                          Жансая АЙТҚАЗЫҚЫЗЫ.
 
Туған жерім – Төлеңгіт
Туған жердің түтінін де сүйемін,
Туған жерді қадір тұта білемін.
Туған жерім –
Төлеңгітім қымбат ол,
"Сұлу өлкем!" деп мақтанып жүремін.
 
 Көз тартатын қандай ғажап жер еді,
Төлеңгітім әсем сұлу ел еді.
 Құстары бар шуылдасқан жарыса,
Таза ауасы жанға рахат береді.
 
Туған жерім шалғынды жасыл елім ол,
Шөбі шүйгін, ал, көлінде суы мол.
Сол жерімді көркейтемін өскенде,
Жас болсам да менде сондай сенім мол.
Әйгерім Маралқызы.
 

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓