Жеңімпаздар

макала 02 12"Қостанай  дарыны" өңірлік  ғылыми-практикалық  орталығының ұйымдастыруымен   "Дарынды  жұлдыздар"  бағдарламасы бойынша  дарынды балаларға  арналған  мектептер арасында  салауатты  өмір салтын  насихаттау  және  бұқаралық спортты дамыту  мақсатында  "Көңілді  жарыс"  атты  спорттық  сайыс  өтті. Сайысқа  әр мектептен  төрт оқушы мен төрт оқушыдан тұратын командалар қатысты. Эстафеталық  жарыстарда әр команда мүшелері шапшаңдықтарын,  жылдамдықтарын, күштіліктерін, ептіліктерін көрсете білді.  Жарыстың нәтижесінде   бірінші орынды Ы.Алтынсарин атындағы дарынды балаларға  арналған мектеп-интернаты, екінші мен үшінші орынды қазақ-түрік лицейі мен  "Озат" дарынды балаларға арналған мектебі иеленді. Жеңімпаздар кубок  және мақтау  қағаздарымен, бағалы  сыйлықтармен  марапатталды.
Айбек СӘРСЕНГЕЛДИН,
Ы. Алтынсарин атындағы дарынды балаларға  арналған мектеп-интернатының денешынықтыру пәні мұғалімі.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓