Қаржы нарығындағы ахуал туралы

Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің ресми деректері бойынша 2014 жылғы қазанда инфляция 0,4% (2013 жылғы қазанда — 0,3%) болды. Бұл ретте азық-түлік тауарларының бағасы 0,5%-ға (0,2%-ға), азық-түлікке жатпайтын тауарлар 0,5%-ға (0,4%-ға) көтерілді. Ақылы қызмет көрсету тарифтері 0,2%-ға (0,2%-ға) өсті.
Азық-түлік тауарларының ішінде 2014 жылғы қазанда көп дәрежеде кондитерлік өнімдер 1,1%-ға, сүт өнімдері – 0,9%-ға, жемістер мен көкөністер – 0,9%-ға, ұн – 0,8%-ға, ет және ет өнімдері – 0,5%-ға, нан – 0,4%-ға, күріш – 0,3%-ға, балық және теңіз өнімдері – 0,3%-ға, макарон өнімдері – 0,2%-ға, сондай-ақ темекі бұйымдары – 2,0%-ға қымбаттады. Қанттың бағасы 3,4%-ға, қарақұмық  – 0,2%-ға, май және тоң майлар – 0,1%-ға төмендеді.
 2014 жылғы қаңтар-қазанда инфляция 6,3% (2013 жылғы қаңтар-қазанда – 3,6%) деңгейінде қалыптасты. Азық-түлік тауарлары 2014 жылдың басынан бері 6,1%-ға (1,8%-ға), азық-түлікке жатпайтын тауарлар – 7,3%-ға (2,2%-ға), ақылы қызмет көрсету  – 5,6%-ға (7,1%-ға) қымбаттады.
 
 

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓