Кәсіпкерлер көмек сұрап келді

IMG_2920Жақында "Нұр Отан" партиясы облыстық филиалының мәжіліс залында "Бизнестің жол картасы – 2020" бағдарламасы бойынша мемлекеттік қолдау көрсету мәселелерімен азаматтарды қабылдады. Оған облыстық кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасының басшысы Мейрам Сөкітбаев, Қостанай облысы бойынша кәсіпкерлер палатасының директоры Мұрат Әбенов, облыстық кәсіпкерлік қызметіне көмек беру қауымдастығының директоры Петр Сухинин және кәсіпкерлер  мен  екінші  деңгейлі  банктердің өкілдері қатысты.
Облыстық мәслихат депутаты А.Сәуденова: "Қоғамдық қабылдаудың мақсаты – азаматтар, шағын және орта бизнес пен мемлекеттік органдар, "Бизнестің жол картасы – 2020" бағдарламасын жүзеге асырылуын қамтамасыз ететін даму институттары арасында диалог алаңын құру", деді.
Қабылдауға келген 9 адам түрлі өзекті мәселелерін айтты. Ипотекалық несиемен баспана алып, үш бөлмелі пәтерінен айырылған Л.Сәрсенбаева заңгерлердің көмегіне жүгінді. Қала тұрғыны Н.Симон осыдан бірнеше жыл бұрын құрылыс материалдарын сатумен айналысып, кейіннен бизнесі тұралап қалған. Әрі қарай дамыту үшін мемлекеттен қандай көмек берілетінін сұрады. Сала қызметкерлері мен банк өкілдері тиісті жауаптарын берді.
А.Сәуденова  өз ісін ашқысы келген адам күш-жігеріне сенімді болуы керек және жаңа мүмкін-діктерге қол жеткізу ісінен жасқанбауға тиіс, деді.
"Қазіргі заманғы кәсіпкерліктің ең басты құндылықтарының бірі – батылдық пен бастама. Тәуекел етуден қорықпау керек, сәтсіздіктер мен құлдыраулар да бізді көп нәрсеге үйретеді. Бұдан кейін сіз алдағы уақытта қай тұста қателеспеу керек екенін білетін боласыз", – дейді А.Сәуденова.
Еске сала кетейік, партия бизнес жүргізуге қолайлы жағдай туғызу мақсатында "Мықты бизнес – қуатты мемлекет" жобасын жүзеге асыруда. "Нұр Отанның" қоғамдық қабылдау бөлмелерінде кәсіпкерлер мен ісін жаңа бастаған бизнесмендер үшін шағын және орта бизнеске мемлекеттік қолдау көрсету мәселелері бойынша тоқсан сайын тақырыптық қабылдаулар өткізу тәжірибесі  қолға алынған.
Шұға                           
               ҚОҢҚАБАЙ
 

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓