Футболшылар демалысқа шықты

футболистКезекті футбол маусымы аяқталғалы көп бола қойған жоқ. Қостанайдың "Тобылы" үстіміздегі жылы бір құлап, бір тұрып, әй-теуір Премьер-Лигадағы өз орнын сақтап қалды. Шындығына келгенде, команда кезекті маусымды 7 орынмен түйіндеді. Сегіз жыл қатарынан ел чемпионатының жүлделі орындарын бермеген қостанайлық клубтың алдында келесі жылы да үлкен міндеттер күтіп тұрғаны белгілі. Әзірге футболшылар қысқы демалысқа кетті. 15 желтоқсанда "Тобыл" командасы Түркияда өзінің алғашқы оқу-жаттығу жиындарын өткізеді.
Клуб директоры Талғат Баймұратовтың айтқанына сенсек, қысқы маусымаралық үзілісте команда құрамына  мықты ойыншылар шақыртылады. "Тобылдың" бас бапкері Вардан Минасян келесі жылы да қостанайлық команданы жаттықтыратын болды. Сондай-ақ, қақпашы Александр Петухов клуб басшыларымен тағы бір жыл келісім-шартқа отырды.
– "Мен "Тобыл" сапында өз шеберлігімді шыңдай беремін және команда келесі жылы жүлдегерлер қатарынан көрінуі тиіс", – депті танымал қақпашы. Алдағы чемпионат А.Петухов үшін "Тобыл" командасындағы оныншы маусым болмақ.
Бізге белгілі болғандай, чехиялық футболшылар, қорғаушы Ондрей Кушнир мен шабуылшы Иржи Йеслинек клубпен қош айтысты.
Айбек
       КӘДІРҰЛЫ
 

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓