Сабыржан ТАСМАҒАНБЕТ, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжінің директоры Татулықты ту еткен

С. ТасмағанбетЕлбасымыз Н.Ә.Назарбаев өзінің жыл сайынғы дәстүрлі Жолдауында халықтар достығы мен ел бірлігін, ұлттар арасындағы татулықты еш уақытта назардан тыс қалдырған емес. Бұл тұрғыда Елбасымызды жаһандағы бейбітшілік жаршыларының бірі ғана емес, бірегей көшбасшысы десек артық айтқанымыз болмас. Қазақстанның әлем елдері алдындағы беделі осының айқын көрінісі десек қателеспеспіз.
Бұл жолғы Жолдауында да осы тақырыпқа арнайы тоқталып өтті. "Толысқандықтың жаһандық сынынан өту үшін біздің топтаса білуіміз қажет" дей келе, "Этносаралық келісім – ол өміршеңдік оттегі. Бірлігіміз бен этносаралық келісімді біздің өзіміз сақтауға тиіспіз. Оны біз үшін ешкім ешқашан сырттан келіп жасамайды", – деп атап көрсетті.
 Әлемдегі қаншама мемлекет тұрақтылық пен келісімнің жоқтығынан, жұмыссыздықтан зардап шегіп, күйреудің аз-ақ алдында тұрғаны Елбасымыз айтқан Бейбітшілік атты қастерлі ұғымның болмауынан болса керек. Еліміз бұл тұрғыда жаһанға үлгі болып келеді. Оған дәлел жыл сайынғы Қазақстан халқы Ассамблеясы, түрлі келісімдер, халықаралық саммитттер және мемлекетіміздегі 130-дан астам ұлт өкілдерінің бір тудың астында бір бағытқа қарап, тату өмір сүруі.
Келер жыл Қазақстан халқы Ассамблеясы жылы деп жарияланды. Себебі, елдің тұтастығы мен бірлігі, татулығы мен тыныштығы ең басты назарда.
Бұл орайда бізге халқымыздың бірлігін одан әрі күшейту жұмысы тұр. Және де, бұл жолда ел болашағы жастардың күш-жігерін көрсетер тұсы деп білеміз.
Жолдауда айтылғандай, "біз Жалпұлттық идеямыз – Мәңгілік Елді басты бағдар етіп, тәуелсіз-дігіміздің даму даңғылын Нұрлы Жолға айналдырдық". Оны жүзеге асыру үшін елде ұлтаралық тұрақтылықтың болуы аса маңызды.  Ендеше, Нұрлы Жолда бірлігімізді бекемдеп, сүрінбей, болашаққа сеніммен қарап, аяғымызды нық басып жүрейік!
Арқалық қаласы.
 

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓