Жаңа төрайым сайланды

 «AMANAT» партиясы Сарыкөл аудандық филиалының кезектен тыс XXXIV кеңесі өтті. Шараға партияның облыстық филиалының атқарушы хатшысының орынбасары Жанар Қойшина, 35 делегат яғни оның құрамына кірген саяси кеңес мүшелері, мәслихат депутаттары, бастауыш партия ұйымдарының өкілдері, партияның белсенді мүшелері және «Жастар рухы»  жастар қанатының белсенділері қатысты.
Алдымен, партияның аудандық филиалының атқарушы хатшысы Ахмед Мәди 2021-2022 жылдары атқарылған жұмыстар жайында баяндады. Сонымен қатар, «Пивоварова» ЖК басшысы, аудандық мәслихат депутаты, саяси кеңестің мүшесі Валентина Пивоварова филиал төрайымдығына аудандық мәслихат хатшысы, аудандық мәслихат депутаты болған Күләш Базарбаеваның кандидатурасын ұсынды. Делегаттар бұл ұсынымды бірауыздан қолдап, дауыс берді.  Сондай-ақ, ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Гайсенов пен ауданға белгілі ақсақал Уәлихан Айғұлақов жаңа төрайымға жүрекжарды тілектерін білдірді.
Конференцияда сөз алған партияның облыстық филиалының атқарушы хатшысының орынбасары Жанар Қойшина партияның өткен жылғы атқарған жемісті жұмыстары мен бүгінгі міндеттерін алға тартып, жаңадан сайланған филиал төрайымын құттықтап, қызметіне сәттілік тіледі.  Мәртебелі мейман бір топ адамға Президент сайлауында белсенді жұмыс атқарғаны үшін ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен «AMANAT» партиясы төрағасы Ерлан Қошановтың Алғыс хаттарын табыс етті.
Кеңес соңында жаңадан сайланған төрайым Күләш Қожахметқызы өзіне көрсетілген сенім үшін алғысын білдіріп, партия жұмысын алдағы уақыттарда жүйелі атқаратындығын жеткізді.
Руслан ӘЛКЕЕВ.
Сарыкөл ауданы.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓